Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлыбритания қазақстандық вакцинация паспортын мойындады

0 318

Ұлыбритания Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады. Бұл туралы Ұлыбританияның ресми сайтында айтылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлемдік нарықпен байланысты одан әрі қалпына келтіреміз. 11 ақпанда таңғы сағат 4-тен бастап Қытай мен Мексиканы қоса алғанда, тағы 16 елдің вакцинация паспортын мойындаймыз. Осылайша, жалпы тізімге бүкіл әлем бойынша 180-нен аса ел мен аймақ кіреді. Мемлекеттер мен аймақтардың толық тізімін gov.uk сайтынан табуға болады», – делінген сайтта.

Ұлыбритания мойындаған вакциналар мен вакцинация паспорттары бар елдер тізімі көрсетілген бетте Қазақстан туралы ақпарат пайда болды.

«Қазақстан бұл тізімге 2022 жылдың 11 ақпанында сағат 4:00-де қосылады. Вакцинация мәртебесі вакцина паспорттарымен расталады», – делінген хабарламада.

Вакцинация туралы сертификатты Денсаулық сақтау органы мемлекеттік деңгейде беруі, ағылшын, француз немесе испан тілдерінде болуы керек және аты-жөні, туған күні, вакцина маркасы мен өндірушісі, әр дозаның вакцинация күні, вакцинация елі және/немесе төлқұжат берген орган көрсетілуі қажет.

Айта кетейік, Ұлыбритания қазір сегіз вакцинаны мойындады: Covaxin, Moderna, Johnson&Johnson, Novavax, Oxford/AstraZeneca, Pfizer BioNTech, Sinopharm Beijing, Sinovac-CoronaVac.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.