Қалалық қоғамдық-саяси газет

Лукашенконың жеке дәрігері қамауға алынды (ВИДЕО)

0 344

Беларусь президенті Александр Лукашенконың жеке дәрігері мен 35 ортопед-травматолог пара алғаны үшін ұсталды деп хабаралады turkystan.kz «БелТА» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Лукашенконың өзі Денсаулық сақтау министрі Дмитрий Пиневич, Бас прокурор Андрей Швед және КГБ төрағасы Иван Тертелмен кездесу барысында мәлімдеді.

Белта агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко медицина саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы айта отырып, «кез-келген соғыстың негізі – әділетсіздік, ал әділетсіздік негізі – жемқорлық» деп атап өтті.

Лукашенконың айтуынша, лауазымға тағайындалған кезде ол барлық шенеуніктерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы айтады екен. Соған қарамастан, Беларусь басшысы, тіпті, денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік және маңызы бар салада да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның айыпталушылары әлі де бар екенін атап өтті.

Кейін ол 35 ортопед-травматолог пен оның жеке дәрігерінің ұсталғандығын мәлімдеді.

«Мен бұл операцияның барысын жақсы білемін: мен оны бақылап отырдым. Ол бүгін де, кеше де басталған жоқ», – деді Лукашенко.

Лукашенко бұл іс 2018 жылы қозғалғанын хабарлады. Беларусь тергеуіне сәйкес, дәрігерлер науқастарға кейбір импорттық ортопедиялық қосалқы бөлшектерді пайдалануды ұсынып, шетелдік фирмалардан пара алып отырған.

Лукашенко, сондай-ақ, қамауға алынғандар арасында өзінің жеке дәрігерінің де болғанына ренжігенін айтты. Дегенмен, оның айтуынша, «заңның аты – заң».

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.