Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық банк 240 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді

0 235

Қаржылық тұрақтылыққа және жағдайға әсер ететін ауытқуларға жол бермеу мақсатында Ұлттық банк 240 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Молдабекова елде жағдай тұрақтанған алғашқы күннен бастап Ұлттық банк қаржы нарығының қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіруде барлық қажет шараны қабылдағанын айтты.

«Біріншіден, 7 қаңтардан бастап халыққа арналған негізгі банк қызметтері кезең-кезеңімен қалпына келтірілді.

Екіншіден, 10 қаңтардан бастап ақша және қор нарықтарындағы операциялар қайта қалпына келтірілді», – деді ол.

Сонымен қатар, жағдай тұрақталғасын нарықты қолма-қол шетел және ұлттық валютамен үздіксіз нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

«Үшіншіден, 12 қаңтардан бастап валюта нарығындағы сауда-саттық іске қосылды. Ұлттық банк сауда-саттық қайта басталғаннан кейін алғашқы күндері шетел валютасына сұраныстың артуын және оның шектеулі ұсынысын күтті. Валюта нарығы реттелгесін бұрын-соңды болмаған оқиғалар теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуіне жол бермеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге дайын екенімізді мәлімдедік», – деді ол.

Әлия Молдабекова валюта бойынша бір аптаға жуық сауда-саттық  болмауын ескере отырып, кәсіпкерлер тарапынан да, халық тарапынан да шетел валютасына сұраныс қалыптасқанын айтты.

«Жағдай валюта сатушылар саны өте шектеулі болғасын, теңге бағамы бойынша болған оқиғалар аясында күрделене түсті. Қаржылық тұрақтылық тәуекелдеріне және тұрақсыздандыратын ауытқуларға жол бермеу мақсатында Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. Олардың көлемі 12, 13 қаңтарда 240 миллион доллар немесе сауда-саттықтың бүкіл көлемінің 50%-ға жуығы болды. Жыл басынан бастап 13 қаңтарға дейін шетел валютасына сұраныс артып, теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін 0,5 пайызға әлсіреді», – деді Молдабекова.

Ол қазір валюта нарығындағы жағдай тынышталды, қаржы нарығының жұмысы толық қалпына келтірілгенін, операциялар штаттық режимде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.