Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттың айшықты таңбасы – мемлекеттік рәміздер

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» бойынша онлайн семинар-кеңес өтті.

0 352

Жиын барысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ш.Қашқынбек, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Жамбыл филиалы директорының орынбасары А.Мыңбаев, Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы А.Бейсенбаев баяндама жасап, рәміздерді пайдалану және орнатуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Аталған семинарға қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары, денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармаларына қарасты мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.