Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үлкен аштық келе жатыр» – Саясат Нұрбек

0 769

Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек Қазақстанда 30 жылда қалыптасқан суперпрезиденттік модель тепе-теңдікті бұзып жіберді деп есептейді. Оның ойынша, қазір елде монополия қаптан кеткен деп хабарлады turkystan.kz.

Елдегі саяси өзгерістер, «Жаңа Қазақстанды» құрудағы алғышарттар, Жолдауда айтылған реформалар жайлы ол «Адырна» порталының тілшісі Арман Әбубәкірге берген сұхбатында айтты. Сонымен қатар, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың өзге елдерге қалай әсер ететініне болжам жасады.

«Келесі 5 жылдықта ең маңызды салаға айналуы мүмкін сала – ауыл шаруашылығы саласы. Мал дәрігерлері, генетиктер, селекционерлер, агрономдар жетіспейді. Қазір білесіздер, үлкен аштық келе жатыр, өкінішке орай. Келесі 1-2 жылда дүние жүзінде үлкен қиын жағдай болуы мүмкін. Неге десеңіз, дүние жүзінің 30 пайызын май, бидай, ұнмен қамтамасыз ететін екі мемлекет (Ресей мен Украина) соғысып жатыр. Сондықтан биыл дұрыс егін болмайды. Әсіресе, Украинада. Бұл өте үлкен қауіп-қатерлер алып келуі мүмкін. Сондықтан бізде ауыл шаруашылығы саласында мамандар тапшылығы байқалады», – деді Саясат Нұрбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.