Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлия Назарбаева «Қазақтелекомнан» да үлес алып келген

0 372

«Қазақтелеком» АҚ «Instant Payments» ЖШС-мен арадағы келісімді бұзуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Instant Payments” компаниясымен келісімшарт тоқтатылатын болады. Қазір процесс жүріп жатыр. Осы  компаниямен ынтымақтастықты аяқтау мерзіміне келетін болсақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығында келісімшарт толықтай бұзылады, – делінген хабарламада.

“Instant Payments” «Қазақтелеком» төлем жүйесінің операторы және абоненттерден 2% мөлшерінде комиссия алады.

Бейресми дереккөздерге сүйенсек, «Instant Payments» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі.

Бұған дейін “Instant Payments” компаниясымен «Қазақстан темір жолы» келісімшартын бұзған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.