Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда той үстінде оқ атқан ер адам ұсталды

0 177

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері өз тойында аспанға қарудан оқ атты деген ақпарат тараған болатын. Аталмыш дерек бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу барысында оқ атқан азаматтың 28 жастағы уақытша жұмыссыз, Тараз қаласының тұрғыны екендігі анықталып, оның полиция қызметкері еместігі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс жасамағаны белгілі болды.

Оқ атылған «Сайга» маркалы аңшы мылтығы заң жүзінде осы азаматтың атына тіркелгені және 2021 жылдың 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені анықталды.

Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды. Оның кінәсі дәлелденген жағдайда, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын хабарлаймыз.

Гүлсара Мұхтарқұлова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.