Қалалық қоғамдық-саяси газет

Лаоста құлдыққа түсіп қалған қазақстандық қыз жақында елге оралатын болды

0 162

Лаоста еңбек құлдығына түсіп қалған қазақстандық Анель Бермағамбетова жақын арада жақындарымен қауышады. Бұл жөнінде Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Әлімжан Өмірзахов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Лаостан оралған Әлімжан Өмірзахов онда елдің Сыртқы істер министрлігі мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің жауапты қызметкерлерімен кездескенін және олардың Бермағамбетоваға заң көмегін көрсетуге кепілдік алғанын жеткізді. Ол сондай-ақ Лаостағы Қытай елшілігіне жүгінгенін, олар Анель қолайсыз жағдайға тап болған автономиялық аймақтың Қытай әкімшілігінің өкілдерімен байланыс орнатуға көмектескенін айтты.

«Екі орыс қызын құтқаруға бір уақытта атсалысқан Вьентьяндағы Ресей консулына да ризашылығымды білдіремін. Лаос өкілдері көмек көрсетуге уәде бергенін, бірақ мұның қанша уақытқа созылатынын айтуға ыңғай білдірмегенін айта кеткен жөн. Ресей елшісінің сөзінше, қыздарды босату үш аптадан екі-үш айға дейін созылуы мүмкін», – деді Өмірзахов.

Ол осы дайындық жұмыстарының және өзінің қытай тілін білуінің арқасында Анель Бермағанбетова жұмысқа келген қытайлық компанияның өкілімен әңгіме жүргізуге мүмкіндік болғанын атап өтті. Елшіге өзін таныстырудан бас тартқан азамат қызды бұл жерде ұстап қалуды жоспарламағанын, алайда кеткен шығынды өтеуді талап еткен. Қолында Бермағанбетова қол қойған келісім-шарт болғандықтан, азамат жергілікті учаскелік полицейлерден мүлде қорықпаса керек, дейді елші. Осының нәтижесінде Өмірзахов қытайлар мен қыздың туыстарының арасында келіссөз орнатуға көмектескен.

«Туыстарымен келісу қиынның қиыны болды. Олар қыздарының әлемдегі ең қауіпті және қылмысты жерде қалып қалғанын түсінгілері келмеді. Неге екені белгісіз, олар мемлекет өз азаматының жеке-басына жауап беруге міндетті екеніне сенімді болды. Екі күнге созылған келіссөздер нәтижесінде қытайлықтардың қызды Меконг арқылы Тайландқа апаратынына келісіп, айыппұл көлемін екі есеге азайтуға мүмкіндік туды», – деп жалғады ол.

Қытайлықтар сөздерінде тұрған. Қазір Анель Чанграй қаласында, ол ары қарай Бангкок қаласына ұшуы керек, ол жерде қызды Тайландтағы елшілігіміздің қызметкерлері күтіп отыр.

«Қыздың келеңсіз оқиғалары жақын арада аяқталады деп үміттенеміз, бірақ оның оқиғасы басқаларға үлгі болуы керек. Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық деген мәтелді естен шығармайық», – деп ескертеді дипломат.

Еске салайық, осыған дейін Анель Бермағанбетова жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғанын айтқан еді. Анель оқиғасын суреттеп, фотосуреттер салып жағдайды толық айтып берген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.