Қалалық қоғамдық-саяси газет

Лаңкестер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды – Алматы прокуроры

0 226

Алматының бас прокуроры Берік Жүйріктаев лаңкестер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланғанын айтты, – деп хабарлайды“Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде қаладағы жағдай тұрақты. Мен және прокуратураның барлық қызметкері тәртіпсіздіктер ошағында жүрді. Бүлікшілердің ұйымдасқан шабуылын көрдік. Олар арнайы техниканы, өрт сөндіру автокөліктерін, автобустарды басып алды. Бақылау камераларын сындырды. Жолға төселген тастарды, басқа да құралдарды қылмысқа қолданды. Мысалы, бүкіл жеке құрам болған прокуратура ғимаратын өртеді. ТЖМ бөлімшелерінің іс-қимылдары арқасында жалынды сөндіріп, қызметкерлерді эвакуациялауға мүмкіндік болды. Олар жанып жатқан ғимараттан құтқарылды», – деді Жүйріктаев ОКҚ брифингінде.

Ол қылмыскерлер аңшылық дүкендерді ұйымдасқан түрде басып алғанын, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау, бейбіт тұрғындарды қорқыту және террористік шабуылдарды жалғастыру үшін қару-жарақтар бар полиция ғимаратына шабуыл жасалғанын айтты.

«Ғимараттар қирап, өрт және медицина қызметкерлерінің жұмысы бұғатталды. Сол кезде құқық қорғау органдары бұл ашулы наразылық білдірушілер деп ойлады, сондықтан барлық қылмысқа қарамастан, қауіпсіздік күштері қару қолданбады. Қазір содырлар наразылық шараларын өз мақсаты үшін қолданғанын түсінеміз. Көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды олар шабуыл мен өлімнен қоғану үшін қалқан ретінде қолданды. Мен қылмыскерлер жасаған барлық қатыгездікті көріп, тұрғындар үйлеріне тарады деп сенемін», – деп толықтырды прокурор.

Жүйріктаевтың айтуынша, 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер жүрген.

«Бұл енді бейбіт наразылық болған жоқ, терроризм актісіне тап болдық.

Әкімдік ғимараты, әуежай мен Президент резиденциясы басып алынды. Іс-әрекеттер сипаты, дайындығы, қатыгездігі және барлық жерде өтуі ұйымдастырылғанын көрсетеді», – деп толықтырды прокурор.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққанболатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.