Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ләйлә Сұлтанқызы: Денсаулық сақтау министрінің жүргізген саясатының арқасында жағдай тұрақтанып келеді

0 1  370

Ләйлә Сұлтанқызы елімізде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың дұрыс саясатының көмегімен ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді деп мәлімдеді. Тележүргізуші көрші Ресей мен Жапониядағы жағдайды салыстыра өтті.

“Маңызды ақпарат! Бүгін бірінші рет Жапонияда ковидтан адам өлімі тіркелмеді. Ал көрші Ресейде ковидтің 4-ші толқыны басталып, күніне шамамен мыңнан аса адам көз жұмуда. Украинада жағдай мәз емес”, – деп жазды Ләйлә ханым.

Айтуынша, біздің елде күніне шамамен 20 адам мерт болса, Ресей мен Украинада жағдай ушығып тұр.

“Бізде орта есеппен тәулігіне 20 адам көз жұмуда. Эмоциядан бөлек, билікке сенімсіздік танытсаңыз да, Цой ұнаса да ұнамаса да дұрыс жүргізілген саясат арқасында ақырындап ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Вакцинация туралы қолжетімді ақпарат, дәрігерлердің орасан зор еңбегі, мамандармен шынайы сұхбат, фейк ақпараттармен күрес, штабтың өңірлердегі жұмысы біздегі жағдайды тұрақтандырды”, – деп жазды тележүргізуші.

Ләйлә ханым ревакцинация туралы өз пікірін айтып, денсаулық сақтау министрінің жүргізген саясатын қолдайтынын айтып өтті.

«Перзентханаға көлікпен өзім бардым»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлын қалай босанғанын айтып берді

Ләйлә Сұлтанқызы күлкінің көмегімен ауруынан айыққан науқастың өмірі жайлы айтып берді
“Әйтпесе күніне 150 адамның қайтыс болуы деген не сұмдық?! Олар біріміздің бауырымыз, енді біріміздің туысымыз, көршіміз емес пе?! Қараша айының соңында басталатын ревакцинацияда тек 1 дозасы салынады. Ескерту: паспортыңыздағы ақпарат ауыспайды, тек 3-ші рет. Осындай вакцина салынды деген сөз қосылады. Егер де Америка, Еуропаға шыққыңыз келсе Phizer-дің екі компонентін салуыңыз қажет. Ал елімізде Pfizer бірінші аяғы ауыр, емізулі баласы бар келіншектер мен ата-ана рұқсатымен балаларға салынады”, – деді ол.

Тележүргізуші халықты вакцина алуға шақырып, өзі де екпе салдыратынын ашық айтты.

“Хейт болады деп кейбір мемлекеттің президенттері сияқты алдыңғы постымды өшірмеймін, себебі депутат та министр де болуды армандамаймын. Адамда азаматтық позиция, елдің болашағы үшін шынайы алаңдау деген сезім болады. Біздің басқа көшіп кететін жеріміз жоқ, бір-бірімізді талап жеп бара жатқанымызды үшінші жақ ұтымды пайдаланып кетуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жауға осал тұсымызды көрсеткеннен ештеңе ұтпаймын”, – дейді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.