Қалалық қоғамдық-саяси газет

Курил аралының тұрғынын аю талап өлтірді

0 408

Курилдегі Итуруп аралында 33 жастағы жергілікті тұрғынды аю талап өлтірді. Орманшылар ашулы аюдың көзін жойғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм болған ер адам сенбіде 3 досымен бірге микроавтобуспен табиғат аясына шыққан. Бірақ Рейдово елді мекенінен 20 шақырымдай жерде көліктері бұзылып қалған.

Ер адамдар өздеріне келген құтқарушыларға төтенше жағдай туралы хабарлаған. Бұл уақытта араларындағы бір жігіт көмек іздеп кетіп, сол бойы оралмаған.

Жоғалған азаматтың денесін көмекке келген волонтерлер жексенбі күні таңертең тапқан. Оны талап өлтірген аю сол жерде болған. Курил орман шаруашылығының қызметкерлері ашулы аюды атып өлтірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.