Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кубок – «Медикте»

0 243

«Денсаулық» саябағында орналасқан футбол алаңшасының ашылу салтанатында алғаш рет медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан COVID-19-бен күресте қаза тапқан әріптестерді еске алуға арналған турнир өткізілді.

Шапағат ӘБДІРҰЛЫ

Аймақтағы ақхалаттылардың өз қаражатына салынып жатқан «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағында барлық стандарттық талаптарға сай салынған футбол алаңшасына Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл облысының медицина қызметкерлерінен құралған командалар жиналып, ковидпен күресте қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Турнирдің бас демеушісі «SENIM» денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекова қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңісті күндердің мол болуына тілектестігін білдірсе, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Алматы және Шымкент қалаларынан келген команда мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Алғаш рет ұйымдастырылған облыстық турнирдің нәтижесі бойынша 1-орынды Жамбыл облысының «Медик» футбол командасы, 2-орынды Алматы қаласының «Алатау» футбол командасы, 3-орынды – шымкенттік дәрігерлер командасы, 4-орынды «SENIM» денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының футбол командасы иеленді. Барлық қатысушылар арнайы медальдермен және Алғыс хаттармен марапатталды. Турнирдің бас кубогы Жамбыл облысы дәрігерлерінен құралған «Медик» командасына берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.