Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кредиттерді біріктіріп, пайызын төмендетіп, төлемақыны азайтуға болады»: Маман кеңес берді

0 766

Бір басымызда бірнеше кредит болатын кездер жиі кездесіп жатады. Әр қаржы институтының шарты да, пайыздық мөлшерлемесі де әртүрлі. Кредит саны көп болған сайын кейде төлем уақытын ұмытып кетеміз немесе бәріне бірдей ақша жетпей қалады. Демек, бір жағы уақытыңды алса, екінші жағынан қалтаңды қағады. Бірнеше кредитті біріктіріп, пайызын төмендетіп әрі бір жерден ғана төлеуге бола ма? Бұл мәселенің шешімін біздің материалдан табасыз.

«Қайта қаржыландыру» дегенді бұған дейін естідіңіз бе? Бәлкім, естіген де шығарсыз. Алайда қайта қаржыландыруды әркім әртүрлі түсінеді. Олай болса, маман түсіндірсін.

KMF микроқаржылық ұйымы Кредит департаментінің директоры Арман Абылайханның айтуынша, «қайта қаржыландыру» дегеніміз – бірнеше кредитті біріктіріп, ыңғайлы шарттармен, оның ішінде төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен бір жерге төлеу.

«Қайта қаржыландыруды» әркім өзінше түсінеді. Кейбір адамдар бес кредитім болса, оны жабу үшін алтыншы кредитті аламын ба деп жатады. Қайта қаржыландыру ол айтқандай «тағы бір кредит алу» емес. Қайта қаржыландыру – ыңғайлы шарттармен, оның ішінде төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен бір жерге ғана төлеу. Дәл осындай ерекше шарттар KMF микроқаржы ұйымының «Асар» деп аталатын бағдарламасында топтастырылған», – дейді Арман Абылайхан.

Маманның айтуына қарағанда, «Асар» қайта қаржыландыру бағдарламасымен өзге қаржы институттарынан алынған кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін 15 пайызға дейін төмендетіп, келесі алатын кредитке минус 5 пайыз жеңілдікті брондап қоюға болады.

«Асар» деген сөздің мағынасының өзі көмек дегенді білдіреді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ай сайын кредит төлеудің өзі – жүк. Егер бірнеше кредит бір жерге біріксе, онымен қоса пайыздық мөлшерлемесі төмендесе, демек ай сайынғы кредитке қажет қаржының да көлемі азаяды, жүк жеңілдейді. Сонымен қатар, бір жылда келесі кредитін алатын болса 5 пайыз жеңілдігін қоса ұсынамыз», – дейді ол.

Осы орайда KMF микроқаржылық ұйымының «Асар» бағдарламасын қолданған Оксана Сиданова қайта қаржыландырудың қаншалықты тиімді болғанын айтып берді.

«Өмірде түрлі жағдай болады. Ал, кәсібің бар болса оны үнемі дамытып отыру үшін қаржы жиі қажет болып қалып жатады. Сол мақсаттарға түрлі банктен үш кредит алған болатынмын. Үш кредитке ай сайын жалпы сомасы 250 мың теңге төлейтінмін. Базарда аяқ киім сатамын, пандемия да өз салмағын салды, ондай соманы төлеп отырудың өзі оңайға түскен жоқ. Ақыры, KMF-тің «Асар» бағдарламасы туралы естіп, қайта қаржыландыруға бел будым, қазір айына 163 мың теңге төлеймін», – дейді Оксана Сиданова.

Оксана Қасымбайқызы бизнесінің ауқымын кеңейтіп, алдағы уақытта сауда кешенін ашуды жоспарлап жүргенін айтады. Ол үшін қажетті қаржыны да осы KMF микроқаржылық ұйымынан алатынын айтып отыр.

Қайта қаржыландыру туралы маман кеңестерін толығырақ төмендегі видеоподкасттан тамашалай аласыз. Айта кетейік, Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым KMF-тің «Асар» бағдарламасы туралы  kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номерлі байланыс орталығынан білуге болады.

Бұған дейін банк кредит беруден бас тартса шұғыл қажет ақшаны қайдан алуға болады деген сұраққа жауап берген болатынбыз.

Сонымен қатар, KMF-тің көмегімен бірнеше жылда сауыншыдан кәсіпкерге айналған ананың оқиғасы жарияланды.

Stan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.