Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кореяда екі қазақстандық бір-бірін пышақтап тастаған: Ішкі істер министрлігі мәселенің мән-жайын айтты

0 356

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық жанжал салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде мәлім етті.

Оқиға 12 қазанда Чонжу қаласында (Корея Республикасы) болған. Екі қазақстандықтың арасында тұрмыстық жанжал туды, нәтижесінде қатысушылардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмды.

«Қазіргі уақытта кісі өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды және тергеу изоляторында отыр», – деп хабарлады министрліктен.

Марқұмның денесін үйіне жіберу мәселесін Сеулдегі Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі шешуде.

Екі қазақтың да Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргені айтылады.

Еске салсақ, осыған дейін Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында Қазақстан азаматы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.