Қалалық қоғамдық-саяси газет

Glovo қызметін қолданған қазақстандықтар шоттарынан ақша алынып жатқанына шағымданды

0 384

Қазақстандықтардың кейбірі тамақ жеткізу қызметінің жұмысына шағымданды. Атап айтқанда, Glovo клиенттері банктік карталардан тапсырыс үшін бұрын төлеген сомалардың қайта алынғанын мәлімдеген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Алматылық Нияз бен Сәуле азық-түлікті жеткізу қызметі арқылы тапсырыс беріп, төлем жасағанын айтады. Арада біраз уақыт өткен соң тапсырыс берілмесе де осы сома олардың карталарынан қайта алынған. Бірақ біраз уақыттан кейін бірдей сома олардың картасынан қайта алынды, бірақ олар тапсырыс бермеді. Олар мұндай жағдайға тап болғандардың тек бір бөлігі ғана.

“Менен алты мың теңге алынды. Instagram және 2gis пайдаланушыларының пікірлерінде көп адамда мыңнан он мың теңгеге дейін ақша алынып жатқаны жазылған. Мен олармен офлайн форматта немесе телефон нөмірі бойынша кездескім келетін еді, алайда  байланыс деректері туралы ақпарат құпия деп жауап береді, бірақ олар заң бойынша беруге міндетті”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Нияз Ахметов.

“22 қыркүйекте 7 511 теңге қайта алынды. Дәл осындай сома шілде айында тапсырыс берген кезде алынған еді. Мен барлық деректерді өшіріп тастағанмын.Деректер сақталмайды деп жазса да, ақша алынған”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сәуле Әбілова.

Globo клиенттері компанияның телефоныы мен мекен-жайын таба алмайтындығына шағымданады. Біз де компания деректерін іздедік, бірақ ашық қолжетімді ақпарат жоқ. Кейін компания өкілдері өздері байланысқа шықты. Мәселенің себебі пайдаланушылардан төлемдерді қабылдайтын сервистің техникалық ақауларымен байланысты екенін айтты.

”Эквайер-банктің, сондай-ақ пайдаланушылар банктерінің тарапынан ақшаны қайтару процесі отыз күнге дейін созылуы мүмкін. Өкінішке қарай, біз бұл процестерге әсер ете алмаймыз, бірақ өз тарапымыздан қате пайда болған клиенттер өз қаражаттарын мүмкіндігінше тезірек алуы үшін бәрін жасаймыз”, – деді Glovo-ның Қазақстандағы бас менеджері Кәрім Богуспаев.

Қазір шетелде жүрген компания өкілі техникалық ақау салдарынан клиенттердің аз ғана бөлігінен ақша алынды деп сендірді. Техникалық қолдау қызметі мәселені шешіп жатқанын айтты.

Нияз Ахметов бір айға жуық уақыттан кейін шотынан алынған ақшаны қайтара алды. Ал кей тұтынушыларға компания ақша орнына қайта тапсырыс берген кезде ғана пайдалануға болатын бонустарды ұсынуда. Алайда Сәуле Әбілова бонус та, ақшасын да ала алмаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.