Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкімет халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс – Тоқаев

0 193

  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика үкіметін «жеке топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге» шақырды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.

«Біз сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсартуымыз керек», – деп жазды Тоқаев. 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.