Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкімет басшысы Жапония халқына көңіл айтты

0 163

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жапония елшілігіне барып, көрнекті саяси қайраткер, бұрынғы Премьер-Министр Синдзо Абэнің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дипломатиялық миссия басшысы Джуну Ямадемен әңгімелесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстанның Абэ мырзаны өз елінің патриоты және Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан саясаткер ретінде білетінін атап өтті.

2207121923017360g.jpg

«Синдзо Абэ Жапонияның дамуы үшін ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін де көп еңбек етті. Осы қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және жеке өзімнің атымнан Абэ мырзаның отбасына және бүкіл жапон халқына көңіл айтамын», деді Үкімет басшысы.

2207121923029457g.jpg

ҚР Премьер-Министрі елшілікке барған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.