Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әкімдер Жолдау кезінде ұйықтап отырған (ВИДЕО)

0 812

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы кезінде ұйықтап қалған шенеуніктер сынға ілікті деп хабарлады turkystan.kz.

«Әкім тағайындау туралы ережелерге өзгерістер енгізіп, Президент балама негізде екі әкімді ұсынады. Олардың қарқын-қабілеттеріне қарай отырып, Президент мәслихат таңдаған тұлғаны әкімдік қызметке тағайындайтын болады. Бұл – жанама сайлау. Және Президент мәслихат кеңесінсіз қала, облыс, аймақ әкімдерін қызметінен босата алады. Биліктің өкілді тармағын қайта пішімдеуге арналған барлық ұсыныстар жаңа Қазақстанның болашағын жандандыратын болады», – деді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал осы кезде Президентті тыңдап отырған әкімдер назарға ілінді. Олар шаршап, маужырап отырды. Көпшілік әкімдердің бұл отырыстарын әжуаға айналдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.