Қалалық қоғамдық-саяси газет

Киев орталығында жарылыс болды

0 157

Ақпаратты қала мэрі Виталий Кличко растады. Оның айтуынша, жарылыс қала орталығында – Шевченковский ауданында болған.

Украиналық БАҚ Киевте 5-ке жуық жарылыс болғанын жазады. Алайда куәгерлердің айтуынша, жарылыстар әлі де жалғасып жатыр.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Зымыран соққыларының қаупі сақталатыны белгілі,сол себепті әуе дабылы бүкіл Украинада жарияланды.

Киевте қызыл метро желісінде пойыздар қозғалысы тоқтатылды, барлық метро станциялары бомбадан қорғаныс аймағы ретінде жұмыс істейді.

Киевті бомбалау Қырым көпіріндегі жарылыстан екі күн өткен соң басталды. Ресей бұл оқиғаға Украинаны кінәлады, бірақ ешқандай дәлел келтірмеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.