Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кезектен тыс сессияда келелі мәселелер қаралды

0 187

Кеше шаһар басшысы Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 14-ші сессиясы өтті. Мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев ашып, жүргізген басқосудың күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Атап айтсақ, халық қалаулылары 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет, шаһар бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту, экономика, бюджет және кәсіпкерлік, сондай-ақ білім беру және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау, жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту, Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу мен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттың жобасына келісу мәселелері бойынша өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.