«Кез келген жағдайда тергеуге қолдау көрсетеміз»: Назарбаев университеті оқу орынында зорланып, қысым көрдік деген студенттерге қатысты пікір білдірді
Желіде Назарбаев университетінің студенті оқытушылардың қыздарға қысым көрсетіп, зорлық жасағаны туралы мәлімдеген болатын. Университет басшылығы осы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
TikTok желісінде Назарбаев университетінің Адина есімді студентінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, университетте құрбысын зорлаған ер адам екінші құрбысын да жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болған.
Студент мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін айтқан. Осы оқиғаға байланысты университет тарапы пікір білдірді.
“Назарбаев Университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының Полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізуде. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді”,-деді университет басшылығы.
Еске салсақ, Назарбаев университетінің студенті қыздардың оқу орнында зорлыққа ұшырайтынын мәлімдеген болатын.