Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әкесі жылап тұрып алды: Дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан қарағандылық марапатталды

0 672

Осы жазда дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан Қарағанды облысы Қоскөл ауылының тұрғыны Бейбарыс Ескендір медальмен марапатталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына  сілтеме жасап.

 

Марапатты қаза тапқан жігіттің әкесі Қожанбай Қожахметовке табыстады.

Айта кетсек, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде көз жұмды. Ол құтқарушы мамандығында оқыған. 

Бейбарыс Ескендірдің әкесі Қожанбай Қожахметовтың айтуынша, өрт сөндіруге ұлы өзі барған.

Бейбарыс ол уақытта Жезқазғанда болған әкесіне хабарласып, өрт болған жерге шығу үшін көлік сұрады.

Жігіт әкесінің УАЗ-ына отырып, өрт сөндіруге аттанды. Кейін ауылдастары үйіне оның денесін жеткізді. Әкесінің айтуынша, достары Бейбарыстың денесін өртенген көліктен 6 метр қашықтықтан тапқан.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның әкесі жергілікті биліктің оның қайғысын елемегенін, тіпті көңіл айтпағанына наразы екенін жеткізген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.