Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кешіресіз, мен ата алмай жүрмін» – мемлекеттік тілді менсінбеген шенеунік ұятқа қалды (ВИДЕО)

0 901

31 арнаның «Сөз сізде» бағдарламасында тікелей эфирде тележурналиске сұхбат берген Ақмола облыстық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов  мемлекеттік тілде екі ауыз сөздің басын құра алмай, масқара болды деп хабарлады turkystan.kz

Ол сұхбатта сұрақтарға қағаз бойынша ежіктеп жауап беріп, соңынан тілшінің көрерменге қарапайым, түсінікті тілде айтып беруін өтінгенде облыстағы жағдайға қатысты ақпаратты мемлекеттік тілде бере алмады.

«Кешіресіз, мен ата алмай жүрмін», – деп эфирден шығып кетті ол.

Осы видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.