Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен

0 220

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында осымен 5 жыл қатарынан балалар мен жасөспірімдер ұйымының өкілдері расында форум өткізіліп келеді. Жас буынға жан-жақты қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыруға бағытталған басқосу биыл да өз жалғасын тапты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Айталық, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күні мен бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кемел келешеке – кемеңгер Елбасымен» атты қалалық форумға 150-ден аса ұйым көшбасшылары, «Жас Отан» жастар қанаты филиалының жетекшілері қатысты. Шарада сөз  алған қалалық білім бөлімінің   басшысы Саясат Есеев ұйымның қоғамдағы алатын орнына кеңінен тоқталып, бірқатар белсенділерді арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ басқосу барысында оқуда озат атанып, республикалық, облыстық білім бәйгелерінде топ жарып жүрген 59 оқушы ұйым қатарына қабылданып, оларға төсбелгілер мен галстуктер салтанатты түрде табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.