Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Келінді тыныштандырыңыздар»: Қазақстандықтар «Тор» фильмін прокаттан алып тастауды ұсынған Нұртас Адамбайды сынға алды

0 224

Актер әрі кинопродюсер Нұртас Адамбай «Тор» фильмін прокаттан алып тастауды ұсынды. Ол гомосексуалды қарым-қатынасты насихаттайтын фильм жастардың санасын улайды деген пікірде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта еліміздің кинотеатрларында «Тор: Любовь и гром» фильмі көрсетіліп жатыр екен. Бұл фильм гомосексуалды қарым-қатынас көрінісіндегі қажетсіз құндылықтарды насихаттай отырып, Қазақстан Республикасының балалар құқығы жайлы 2002 жылдың 8 тамызындағы заңын бұзады. Заңның 36.1 бабында: «Балалардың рухани және өнегелі дамуына залал келтіретін үгіт пен насихатқа тыйым салынған деп жазылған.

Бұл фильмге қандай негізде лицензия берілді? Бас прокуратура бұл істі шешуі керек деп ойлаймын. Фильмнің прокатын тоқтату қажет. Елімізде заңның күші жойылған жоқ. Президент Тоқаев бұл жылды балаларға арнады.

“Олардың есен-саулығы – болашақ табысты Қазақстанның кепілі», – деді президент Жаңа жылдағы жолдауында.

Мұндай өрескел насихатты заң жүзінде тоқтату керек деп санаймын. Мемлекет басшысының сөздері бос дыбыс болып қалмайды деп сенемін. Біз заң бар болып қана қоймай, жұмыс істейтін Жаңа Қазақстанға сенеміз», – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.

Алайда қазақстандықтардың басым бөлігі продюсермен келіспеді. Олар Адамбайдың ұсынысын сынға алды. Қарсы шыққандардың арасында танымал өнер адамдары да бар. Мәселен, продюсер Алуа Қонарова жеке діни көзқарасыңды өзгелерге таңуға болмайды деген пікірде.

“Нұртас, мұндай тыйым салуларыңды тоқтатшы. Ауғанда тұрып жатқан жоқпыз ғой. Неғұрлым көп тыйым салған сайын – оны көруге деген құштарлық соғұрлым арта береді. Адам Ата мен Хауа Ана есіңде ме? Әркім өз жолын өзі таңдайды және одан ЛГБТ қауымдастығының өкілдері азайып қалмайды. Ал тыйым салынған жағдайда, насихат күшейе түседі, маған сен. Тағы қосқым келетіні, мен сенің Исламды таңдауыңды құрметтеймін. Бірақ ол Алла Тағала екеуіңнің араңдағы сыр. Ашық насихат жасауға саған ешкім тыйым салып жатқан жоқ. Бірақ мұнда да әркімнің өз жолы бар, оны біреуге таңудың қажеті жоқ. Тыйым көп жағдайда күнәлардың пайда болуына және күшеюіне апарады. Ойланып көр. Ал пікір жазушыларға өтініш, адамның жеке басына өтпеңіздер, намысқа тиетін сөз жазбаңыздар», – деді Қонарова.

“Сіз біздің басты DRAG QUEEN екеніңізді ұмытпаңыз. Бірақ сіздің логикаңызға сүйенсек, сіздің де фильмдерге тыйым салуды ұсынамын», – деді әнші Сэй Мо.

«Ал ер адамның әйелдің кейпіне енуі әрі оны өзге ер адамның алып қашуы шариғатқа сай ма?», «Сіздің толеранттылығыңыз қайда? Қазір 21 ғасыр. Адам фильм немесе сериал үшін ориентациясын ауыстармайды. Ондайлар өмір бойы болған және болады», «Неге сіз бүкіл әлемнен тек ЛГБТ-ны көресіз? Басқа мәселе жоқ па?», «Қалыпты діндар адам үнсіз сеніп, өзінің ереже-ұстанымдарын өзгелерге таратпауы керек. Қазақстан – діни емес, зайырлы мемлекет. Адамбаев және ол сияқтылар фильмді көргісі келмесе, үнсіз өтіп кетсін. Ал ұнататындар, көрге құқылы», «Мына келінді тыныштандырыңыздаршы», «Халыққа фильмді көруге тыйым салатындай өзіңізді кіммін деп жүрсіз? Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білемін деп ойлайсыз ба? Кім кімді жақсы көреді, кіммен жатады, не көреді, сіздің қатысыңыз қанша?» – деп қосылды өзге желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Базз Лайтер» мультфильмінің Қазақстан аумағында көрсетілмейтінін мәлімдеді. Ал оған дейін продюсер, режиссер Нұртас Адамбай “Базз Лайтер” мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді.  Ал продюсер Баян Алагөзова зайырлы елде барлық ориентация өкілдеріне теңдей құқық берілуі керектігін айтып, гомосексуалдарды қолдады. Ол Адамбайдың пікіріне қарсы шығып, оның «Келинка Сабина» фильмінде де дәстүрлі емес контент бар екенін атап өтті. Ал мәдениет және спорт министрлігі аталған картинаға Қазақстанда тыйым салынбағанын атап өтіп, оның неліктен прокатқа шықпайтынын түсіндірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.