Қалалық қоғамдық-саяси газет

Келешегі кемел кездесу

0 561

    Ата заңымызға айтарлықтай өзгерістер алып келеді деп күтілген жалпыхалықтық референдумды 5 маусымда өткiзу туралы шешім қабылданды. Аталған жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған еді.

Мемлекет басшысы халыққа жасаған үндеуінде«Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс. Барлық дамыған елде плебисцит тікелей халық билігінің айқын көрінісі саналады. Бірақ Қазақстанда демократияның бұл тиімді институтының әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр», деген болатын.

Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлікуниверситеті «Ұстаз» институтында «Конституциялық референдум» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Мемлекетіміздегі оң өзгерістер білім саласын айналып өткен жоқ. Халық даналығындағы «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.

– «Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу Оны жүзеге асыру үшін әр білімгер өзіне жауапкершілікті алып, қарапайым сессияға адалдық пен әділдікпен қатысып, өзгерісті өзінен бастағаны дұрыс. Адалдық – жеке адамның қоғамға деген таза ниетінен бастау алатынын жиын барысында «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Көпбосынова атап өтті.

Сондай-ақ, педагогикалық бағытта білім алып жатқан болашақ ұстаздарды алдағы уақытта болатын Конституциялық референдуммен таныстырып, әрбірінің сайлау кезіндегі таңдауы ел мүддесі үшін пайдалы болатынын айтты. Іс-шарада «Заң» факультетінің меңгерушісі Асқар Жақсылықұлы сөз сөйлеп, жастардың –  білім алып, тұлға ретінде дамыған кезінде Жаңа Қазақстан жаңарумен, жаңғыруды өткере алатынын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.