Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кеденде қадағалауды күшейтсек, қазынаға қосымша 150 миллиард теңге түседі – Жамаубаев

0 427

Бүгін Үкімет отырысында кедендегі қаржы айналымы туралы министр Ерұлан Жамаубаев кіріс-шығыстың есебін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кеденде қадағалау күшейсе, республикалық бюджетке қосымша шамамен 150 млрд теңге түседі.

«Кедендегі алыс-берісті тәртіпке келтіру үшін жедел және жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, жүйе цифрландырылады. Жедел іс-шаралар бөлігінде декларацияларды бақылау және шығару жөніндегі кедендік функциялар орталықтандырылды. 9 уәкілетті экономикалық оператор мен басқа да ірі импорттаушыларға қатысты тексеру аяқталуға таяу. Шекарадағы электрондық кезек жүйесін жетілдіреміз. Уәкілетті экономикалық операторларға қойылатын біліктілік талаптары заңнамалық түрде күшейтіледі», – деді Жамаубаев.

Пррезидент тапсырмасына сай, Қытаймен кедендік статистиканың алшақтығын төмендетіп, кедендік инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр. Биыл кедендік әкімшілендіруді күшейту есебінен республикалық бюджетке қосымша шамамен 150 млрд теңге түседі дешен жоспар бар.

Бұған дейін Бас прокурор Қазақстан – Қытай шекарасындағы тексерістен соң, үш аптада 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалғанын айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.