Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кеңес отырысы өтті

0 497

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаралды.

Сәндібек Піренов

Жиынға партия қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, қала әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған қала әкімдігі жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр Жұмабекова партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Осыдан кейін қоғамдық кеңестің мүшесі Тұрсынбек Сұлтанбек жұмыспен қамту орталығында жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы баяндама жасап, ұсыныс-пікірін айтты.

– Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді. Олар: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру, жұмыссыздарға жәрдемдесу, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру. Жұмыспен қамту орталығына келетін тұрғындар көп. Дегенмен екі консультант барлығына бірдей көмек көрсетуге үлгермейді. Иә, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы болғанымен, электронды цифрлы қолтаңбаны бейненұсқаулыққа қараған күннің өзінде қалай қолданатынын білмейді. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерімен бірлесіп, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарға ерекше мән беру қажет деп ойлаймын, – деген Тұрсынбек Темірланұлы «Еңбек» бағдарламасы аясында тағайындалатын қайтарымсыз гранттарды беру рәсімінің ашықтығы жайында, сонымен қатар ресми хабар таратуда тек әлеуметтік желінің мүмкіндігімен шектелмей, БАҚ құралдарын да пайдалануға шақырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, қаулы қабылданған соң, ұсыныс-пікірлер жоспарға енгізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.