Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әнім сен, Қазақстан!

0 179

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап әр сенбі күні кешкі уақытта қала тұрғындарының бос уақытына арналған саябақтар мен қоғамдық орындарда концерттік бағдарламалар, көрмелер, спорттық ойындарды өткізу бастау алды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Туған жерім – Қазақстан» тақырыбында мерекелік концерт өтті.

Орталықтың «Шұғыла» бейнелеу өнері студиясы мен сәндік-қолөнер шығармашылық бөлімі Тараз жұртшылығының назарына көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқауларында жаңаша идея, орындаушылық шеберлігімен өз таланттарын мойындатып жүрген дарынды жеткіншектері «Туған жерім – Қазақстан» атты шығармашылық көрмесін ұсынды. Сонымен қатар орталықтың «Спорт» секциясының тәрбиеленушілері қазақ халқының «Асық ату» ұлттық ойынын ұсынды.

Өнерімен өрге жүзген орталықтың «Өрлеу» ән-саз студиясының «Жігер» ұлдар домбырашылар ансамблі, «Шалқыма» фольклорлық, «Желдірме» дәстүрлі әншілер мен «Жетігеншілер» ансамбльдері, «Камер-тон» эстрадалық вокал студиясы мен «Жас Дәурен» үлгілі балалар хореографиялық ансамблі, үлгілі спорттық-балдық би ансамблінің тәрбиеленушілері де өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы, «Жастар» аллеясы, «Қазақ халқына мың алғыс» монументі, «Даңқ» аллеясы, «Төрткөл» керуен-сарайы, «Мамыр» тоғайы, Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі, Төле би, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Александр Пушкин, Сергей Есенин ескерткіштері, «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары, «Хамукат», «Қант зауыты» алқабы, 15-ші мөлтек ауданы, Қаратай Тұрысов көшесі, «Sulpak» сауда үйінің алдында түрлі думанды кештерді ұйымдастыру қолға алынды. «Қос ішектің күмбірі» күй тартысы, «Менің Отаным – Қазақстан» патриоттық әндер шеруі, «Әжелер тағылымы» және «Өнегелі отбасы – 2021» байқауы, «Ұлттық өнер – сарқылмас қазына» шеберлік көрмесі, «Тәуелсіз елдің бақытты балалары» атты концерттік бағдарлама, «Туған жерім – Қазақстан» атты шығармашылық қолөнер көрмесі, тоғызқұмалақ пен асық ату ойынынан жарыс, кітап көрмесі және тағы да басқа түрлі іс-шаралар көрермен көзайымына айналмақшы. Аталған іс-шаралар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.