Қалалық қоғамдық-саяси газет

Telegram-ға бірнеше сағатта 50 миллионнан астам адам тіркелді

0 427

Telegram мессенджеріне бірнеше сағаттың ішінде  50 миллионнан астам қолданушы тіркелді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

TGStat аналитикалық қызметінің жетекшісі Юрий Кижикин соңғы уақытта бүкіл әлемдегі әлеуметтік желілер жұмысының жаһандық бұзылуы аясында Telegram мессенджеріндегі жаңа қолданушылар санының күрт артқанын айтты.

«Біздің есебіміз бойынша, Telegram-ға бірнеше сағат ішінде 50 миллионнан астам жаңа қолданушы тіркелді», – деді Кижикин.

Еске салайық, Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шыққан еді. Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.