Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыста 302 785 адам вакцина алды

0 255

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметі бойынша тамыз айының 8-іне дейін тәулігіне 1778 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 1-айналымда – 963 адам, 2-айналымда 815 адам екпе алған. Осылайша, осы уақытқа дейін барлығы 302785 адам вакцинациядан өтіп отыр.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Бұл жоспарлы 582 мың адамның 52 пайызын құрайды. Оның ішінде 18498 – медицина қызметкері (6,1%), 35998 – білім беру ұйымдарының мамандары (11,9%), 6938 – мемлекеттік қызметкерлер (2,3%), 11249 – студенттер (3,7%), 569 – әлеуметтік мекеме жұмысшылары (0,2%), 42903 – созылмалы аурулары бар тұлғалар (14,2%) және 167781 – басқа да азаматтар (55,4%).

Екпе алған 302785 адамның, 227926 вакцинаның екінші компонентін алып отыр. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелмеген. Облыста «Спутник V» – 1-компонент 89979 доза және 2-компонент 59941 доза, «QazVac» 1-айналымына 1552 дозаның және 2-ші айналымына 4059, «CoronaVac» – 1 дозадан тұратын 1-ші айналымға 0 және 1731 дозадан тұратын 2-ші айналымға, «Hayat-Vax» – 1-айналымына 0 доза және 2-айналымына 1559 доза қалып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы екпеден кейін дене қызуы қысқа уақыт көтеріліп, вакцина салған орын қызарып, ісінуі мүмкін. Ауыр аллергиясы барларға, бүйрек пен бауырдың созылмалы ауруларына шалдыққандарға, қант диабеті барларға, эпилепсияға шалдыққандарға, қатерлі ісікпен ауыратындарға, инсульт алғандарға, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққандарға, астмамен ауыратындарға, өкпесі ауыратындарға екпе салынбауы мүмкін. Бұл дертке шалдыққандарға вакцина егуге болады, бірақ оған дәрігердің рұқсаты керек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.