Қалалық қоғамдық-саяси газет

Kaspi чектері арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі шықты

0 415

Бұдан былай еліміздегі танымал Kaspi мобильді қосымшасының пайдаланушылары қырағы болуы тиіс,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары алаяқтықтың тағы бір түрі туралы дабыл қағып, ескертіп жатыр.

Кең тараған бейнежазбаға сәйкес, Kaspi bank мобильді қосымшасының кейбір арам пиғылды пайдаланушылары санаулы секундтарда жалған аударым туралы чек ала алады екен. Ол үшін алаяқтар Telegram боты арқылы операцияның орындалған уақытын, сомасын және жіберушінің аты-жөнін жіберсе болғаны.

Банк зиянкестердің құрбаны болмау үшін мобильді қосымшада ақшаның түскенін дереу тексеру керектігін ескертті.

Ақшаның әрбір қозғалысы: сатып алу, жіберу, толықтыру немесе аудару туралы хабарламаның барлығы «Хабарламалар»  қызметі арқылы келеді. Барлық операциялар тарихын «Менің Банкім» бөліміндегі Kaspi Gold үзіндісінен көруге болады. Бұл ықтимал алаяқтықтан қорғайды.

Банк аталған  Telegram ботын бұғаттау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.

Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасы арқылы берілген чектердің растығын қалай тексеру керектігін айтты.

Салық қызметкерлері Қазақстандағы барлық қолма-қол ақша төлемдері заңға сәйкес бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салды. Бұл құрылғы өнім немесе қызмет үшін төленген ақшаның түбіртегін береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.