Қалалық қоғамдық-саяси газет

Карантинге шыдамаған қытайлықтар суицид жасауда (ВИДЕО)

0 437

Қытайдың Шанхай қаласында тұрғындар COVID-ке қарсы шектеулерге шыдамай өз-өздеріне қол жұмсауда деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Қытайда карантинге байланысты қойылған шектеулердің салдарынан, көп тұрғындар үйінде қамалып отыр. Көпшілігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін сыртқа шыға алмай қалды.

Бірқатар жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, адамдар қатаң локдаунның салдарынан сыртқы әлеммен байланысын үзді: оларға үйден шығуға тыйым салынған, ал азық-түлікті еріктілер жеткізіп беруде. Алайда, тапсырыстың көптігіне байланысты тасымалдаушылар үлгере алмай, көптеген тұрғын тамақсыз қалды. Сонымен қатар, халықтың қажетті дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Бұған дейін желіде тұрғындардың карантинге наразылық білдіріп, көпқабатты үйлердің терезесінен айғайлап жатқаны көрсетілген бейнежазба тараған.

Еске сала кетейік, 24,9 миллион адам тұратын Шанхай әкімшілігі коронавирус инфекциясының қайтадан өршуіне байланысты 28 наурыздан бастап локдаун енгізген.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.