Қалалық қоғамдық-саяси газет

Карантин шаралары күшейтілді

0 157

Қазіргі таңда еліміз коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша алдыңғы орынға шықты. Ауру күннен-күнге дендеп барады. Ал оның алдын алу шараларына тек жергілікті билік қана емес, әрқайсымыз жауаптымыз.

Зере ҚУАНЫШ

Алтыншы шілдеден бастап бүкіл Қазақстан бойынша қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Осыған дейін 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген кейбір мекемелердің жұмысы да тоқтады. Бұл орайда қала әкімдігінің жанынан құрылған мобильдік топтар күнделікті рейдке шығып, кәсіпорындардың сақтық шараларының қаншалықты дұрыс ұстанғандарын зерделеп қайтты. Рейдке қала әкімдігінің өкілдері мен полиция департаментінен, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері және «Antikor» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталығының өкілдері қатысты.
Төрт мобильдік топ алдымен сауда орындары мен дүкендерді тексерді. Тексеру барысында белгілі болғандай, бұрын ескерту алған сауда орындары режимді сақтап, ескертуді ескеріп, белгіленген уақытқа дейін ғана жұмыс істеуде екен. Қала бойынша жүргізілген рейд барысында мобильдік топ мүшелері жабық тұрған дүкеннен сөмке-сөмке болып шыққан ер адамды байқап қалды. «Алмат» сауда орны карантиндік режимді бұзып, заңды белінен басып отырғаны белгілі болды. Оның үстіне сатушы сатып алушыға ешқандай чек бермей, не маска тақпай, не қолғап кимей қызмет көрсеткен. Дүкеннің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.