3 қазан күні Идгах мешітінде жарылыс болды. Қазір 12 адам қаза тауып, 32 тұрғын зардап шеккені белгілі болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің өкілі Кари Саид Хости үш күдіктінің ұсталғанын айтты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс кезінде мешітте бірнеше күн бұрын қайтыс болған Ауғанстан Уақытша үкіметінің Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Мужахидтің анасының қайтыс болуына байланысты дұға жасалып жатқан.