Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көзімен 30 келі кір тасын көтерген қазақ жігіті жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

0 417

Айдын Нұржұма есімді қазақ жігіті «Көреміз» ток-шоуына келіп, аса қауіпті трюктерді көрсетіп жұртты таңқалдырды деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бағдарламаға келіп, көрерменнің алдында көзімен 30 келі кір тасын көтерген. Ал бағдарлама жүргізушісі әлемде көзбен кір тасын көтеретін екі грузин, бір қазақ жігіті барын айтты. Сол қазақ жігіті осы – Айдын.

«Украин жігіттер көзбен көтерген болатын. Біздің мақсат олардың жетістігінен асып кету керек. Неге бізге жасап көрмеске, шынықсақ қолдан келмейтін нәрсе жоқ. Қазақтың жігіттерінің мықты екенін әлемге танытқымыз келеді», – дейді Айдын.

Айдын бұдан бөлек тісіне шынжыр байлап, көлік тарта алатынын айтты. Сондай-ақ қазақтың есімдерін Гиннестің рекордтар кітабына енгізіп, еліміздің мықты жігіттерін әлемге танытқысы келеді екен.

«Адамның жасай алмайтыны жоқ. Біз қазақ жалқаумыз. Тек миға жасай аламын деу арқылы сигнал беріп, әрекет ету керек. Сол кезде әрбір адам бір нәтижеге жетеді», – дейді спорт дәрігері бағдарлама барысында.

Қазақ жігітінің енді алдағы мақсаты – көзбен 1 тонналық көлік тартып көру.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.