Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көтенбас келін, далб… бала»: ақсақалдың батасы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

0 450

Желіде әлдебір ақсақалдың көкпар ұйымдастырған адамға берген батасы қызу талқыланып, елдің ашуын туғызды деп хабарлады turkystan.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ел алдында қол жайған ел ағасы былай деп бата берген еді:

«Құдай сені, оттан, судан, апаттан, көзден, тілден, ауыр қайғыдан, ауыр дерттен, жол апатынан, өтірік айтқаннан, имансыз шалдан, разборкы кемпірден, далбоеб баладан сақтасын. Ұятсыз бұттан, көтенбас келінен сақтасын», – деп бет сипады.

Көпшілік: «Батасынан бар болайын, осындай кісіден қандай ұрпақ тарағаны сөзінен байқалып тұр, астапыралла, үлкен дейді-ау, ұят-ай», «Осындай жасқа келіп миы жеткен жері осы болып тұр ғой, жастарға беріп жатқан үлгісі», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады», «Сіз сияқты шалдан сақтасын» деген сынды пікірлер жазды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.