Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады

0 265

Прокуратураның Құқықтық мониторинг орталығында Сараптамалық кеңес пен Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаукеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Аталған кеңеске «Атамекен» ҰКП өкілі, Тараз қаласы және Жамбыл ауданы әкімдерініңорынбасарлары, салық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Бірлескен кеңес отырысында жер, салық, жарнама заңнамалары саласындағы бұзушылықтар жәнежергілікті атқарушы органның мониторингтік топтарының заңсыз іс-әрекеттері талқыланды.  

Басқосу барысында кәсіпкерлер прокуратураның жұмысына оң баға беріп, алғыстарын айтты.

Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыстыңпрокуратура органдарымен 5,8 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.  

Бүгінде кәсіпкерлердің сұраныстары мен өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін облыс, қалажәне аудан прокуратураларының жанында мобильдіктоптар жұмыс істеуде. Онда кәсіпкерлер құқықтарын қорғау мақсатында жүгіне алады.

Кеңес қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар әзірленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.