Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көше күні» көпшіліктің көңіленен шығуда

0 435

Өңірде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асқан іс-шаралар аз емес. Себебі еліміз егемендік алған отыз жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналып үлгерді. Ендігі меже өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Демек, бұл тарихи кезең өткенге көз тастап, алға серпіліс жасайтын уақыт деуге толық негіз бар, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Тарихтың темірқазығына айналған Тараз шаһары күн өткен сайын көркейіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары баянды бастамалар жемісін беріп, нәтижесінде көз тартатын нысандар бой көтерді. Тіпті көне қаланың ортағасырлық сәулетін айшықтайтын орындар пайда болды. Осылайша шаһар өзінің «тарихи қала» деген атынауа сай қалыптасып келеді.

Ендеше қала және көше тарихын тұрғындарға насихаттау мақсатында қолға алынған «Көше күні» жобасының да тараздықтар үшін маңызы бөлек. Себебі отыз жылдық белесте ономаст мамандардың ықпалымен қала көшелері зерделеніп, басым көпшілігі тарихы атаумен қайта аталды. Ел тарихында ұлт үшін қызмет еткен ұлы тұлғалардың есімі қайта жаңғырды. Осынау тарихы маңызы бөлек жобаның қолға алынуына «Сіз қай көшеде тұрасыз? Көшеңіздің атын білесіз бе?» деген сауалнама түрткі болғанекен. Яғни қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мамандары тұрғындарыныңтұрғылықты мекенжайын жақсы білгенімен, көше аты берілген тұлғалардың еңбегінен, бұрын кім болғанынан хабарсыз екеніне көз жеткізген. Осы тұста қала әкімдігі сол көшелерді жұртшылыққа насихаттап, жастардың танымын арттыруға басымдық беріп отырғаны қуантады. Әсіресе қала тұрғындары үшін тың жобаның облысқа есімі берілген, ұзындығы сегіз шақырымнан асатын шаһардағы ең ұзын даңғыл саналатын Жамбыл бабаның атындағы көшеден бастау алғаны ұтымды шешім болғаны рас. Тіпті іс-шара барысында тұрғындар көшеге Жамбыл Жабаевтың есімі 1984 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен берілгенін біліп таңдай қаққан-ды. Шарада «Домбыра» стелласының алдына сахна құрылып, ЛЭД экраннан Жамбыл Жабаев туралы бейнематериал көрсетілді. Ал киіз үйдің маңында спорттық іс-шаралар өтсе, «Көне Тараз» фольклорлық ансамблі нақышына келтіріп күй орындаған.Сондай-ақ концерттік бағдарлама барысында Жамбыл Жабаевтың образын сомдаған әртіс көпшілікті таңқалдырса, тараздықтарғабелгілі, әйгілі «Тараз» триосы «Жамбыл сарыны» әнін шырқаған еді.

 Облыс орталығында апта сайын ұйымдастырылып жатқан «Көше күні» туралы қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева толығырақ айтып берді.

—«Көше күні» жобасы аясында көше тарихы туралы сауалнамалар жүргізуді дұрыс деп таптық. Себебі тұрғындар басқа-басқа өз көшесінің тарихын білуі керек деп ойлаймын. Оның үстіне өткенге көз тастасақ, қаладағы көшелердің басым бөлігі өзінің тарихи атауын алды. Іс-шарада кітап және қолөнер бұйымдарынан жинақталған көрме, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алғашқыда Жамбыл атындағы руханият орталығында Жамбыл бабаға арналған көрме ұйымдастырған едік. Бірі білсе, бірі білмейтін шығар, бірақ, облыста Жамбыл бабаның аты берілген 83 көше, бір аудан, үш елдімекен, бір даңғыл, бір кітапхана және он мектеп бар. Жобаны облысқа аты берілген Жамбыл баба атындағы көшеден бастауымыздың да түпкі маңызы осы,—дейді бөлім басшысы.

Соныменосы сенбіде «көше күні» Шалғай Қарасу алқабы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшеде ұйымдастырылды. Бағыты бөлек іс-шараға тұрғындар қызығушылық танытып, белсене қатысты. Алашорда үкіметінің мүшесі, ұлт жанашыры, ақын, түркітанушы, публицист, Ахмет Байтұрсынұлы туралыбілмейтіндер кемде-кем шығар. Десек те қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары әдеттегідей Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сауалнама жүргізді.Бұл күні аталмыш көшеге сахна алаңшасы қойылып, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқады. Ал Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері  Ахмет Байтұрсынұлының образын сомдап, көрерменді тәнті етті. Бұдан соң тұрғындар ұлт жанашырынының кітаптары тізілген көрмені тамашалады.

Айта кетелік, бұған дейін «көше күні» «Құмшағал» алқабындағы Бейбарыс Сұлтан, «Қызыл-абад» шағын ауданындағы Мұқағали Мақатаев, және«Қайнар» алқабындағы Қожа Ахмет Ясауи көшесінде өтті. Енді осындай маңызы бөлек іс-шара келер аптада «Арай» алқабындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшеде ұйымдастырылмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.