Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көршісі зорлаған қыз Үржардан Семей ауруханасына жеткізілді

0 206

Үржарлық тоғыз жастағы қыз зорланғаннан кейін Семейдегі ауруханға жатқызылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Қайтадан қан, сынамалар тапсырдық. УДЗ өтті. Адамдардан, бейтаныс адамдардан, жалғыз қалудан қатты қорқады. Дәрі салғаннан кейін онымен сөйлесу қиын болып кетті, мені де ішке кіргізбей қойды, өйткені қорқады», – дейді Жәбірленушінің анасы Светлана Либих.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, қыз Өскемен қаласындағы оңалту орталығында психологтардың курсынан өтеді.

Еске салайық, 14 тамызда оқушы қыздың анасы түнгі ауысымнан үйіне оралғанда, қызын қансырап жатқан жерінен тауып алады. Бұл іс бойынша 48 жастағы көршісі, екі ұлдың әкесі күдікке ілінді. Ол қамауға алынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.