«Айша бибі» кешенің алдында «Амал келді – жыл келді!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Көрісі күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысты. Амал мерекесі имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке, ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа басталған мереке. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы іс-шараның ұйымдастырушысы. Шараның мақсаты – мәдени мұраларымызды насихаттап, еліміздің туризмін дамыту жолында серіктес болып келе жатқан «Жамбыл облыстық әкімдігінің туризм басқармасының» қызметкерлерімен бірге аталған мерекені өткізілді.«Айша бибі» кесенесінің аумағына бүкіл түркілердің соның ішінде қазақтардың тұрақ мекені болған төрт «Киіз үйдің» саланатты түрде ашылу рәсімі ұсынылды. Әр киіз үй тарихи нысанға келушілерге қазақ халқының өнерін, дәстүрін, рухани құндылықтыраын таныстырды. Мәселен, ұлттық қолөнер, өлке тарихы сурет көзімен және секілді мәдени мұраларымызды насихаттайын шығармашылық туындылар халық назарына айтылды.