Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәрім Мәсімовтың тағы бір орынбасары қамауға алынды

0 476

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.

23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.