Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің кінәсі сотта дәлелденсе, 17 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, оның үш орынбасары және тағы екі басшының үстінен мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алмақ болу, аса ірі көлемде пара алу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынды. Менің ойымша, сот органдары оның әрекетіне баға береді. Қылмыстық кодексте бұл қылмыстар бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу әлі жүргізіліп жатыр», – деді Берік Асылов.