Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Күрекпен ұрды»: Екібастұзда жұмысшылар мен жастар неге төбелескені белгілі болды

0 186

Екібастұз полицейлері жастар мен жол жұмысшылары арасындағы төбелестің себебін анықтады. Жанжалға қатысушылар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, көшедегі төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды.

«Төбелес ЖШС жұмысшылары мен оларға жұмыс істеуге кедергі келтірген мас күйдегі ер адамдар арасында болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу жүріп жатқан «Бұзақылық» бабының санкциялары бес айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды немесе 1200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Полиция оқиғаға ересектер қатысқанын мәлімдеді.

Еске салайық, төбелес 18 қыркүйекте түстен кейін болған. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қақтығысқа колледж студенттері қатысқаны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.