Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһардың көркін ашатын муралдар

0 468

Бүгінде Тараз қаласының шырайын кіргізу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін сырлау және муралдар салу бойынша жұмыстар қарқын алуда. «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС-нің мәліметінше, биыл мердігер мекемелердің тарапынан демеушілік көмек ретінде 8 көпқабатты тұрғын үйдің муралдары толық аяқталған. Нақтырақ тоқталсақ, Б.Момышұлы көшесінде танымал спортшылар Бақтияр Артаев пен Бейбіт Ыстыбаевтың, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың, «Арай» алқабында ұлт мақтаныштары Шерхан Мұртаза мен Жамбыл Жабаевтың, І.Жансүгіров көшесінде Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың айшықты суреттері алыстан менмұндалайды. Сондай-ақ «Алатау» ықшам ауданында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің муралы «Кел балалар, оқылық…» деп жастарды ілім мен білімге құштар болуға шақыруда. Ал әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің қасбетіне салынған «Донор болу – ерлікке тең» муралы барша жұртшылықты мейірімділікке үндеуде. Қазіргі таңда «Кен Байтас» ЖШС-нің мердігерлігімен «Алатау» ықшам ауданында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың муралын салу жұмыстары жүргізілуде.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.