Қалалық қоғамдық-саяси газет

Күн жылынады: Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

0 311

Қазгидромет 12-14 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері республикада Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Циклон батыстан шығысқа қарай тез ығысып, республиканың барлық облысына жауын-шашын әкеледі.

«Ауа температурасы көтеріле бастаса да, екпінді жел тұрып, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанып отыр. Көктем лебі әлі сезілмейді», – деп хабарлады Қазгидромет.

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -15, күндіз -4 градус суық.

Алматыда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде +1, күндіз +3 градус жылы.

Шымкентте де күн бұлтты, қар аралас жаңбыр күтілуде. Түнде +9, күндіз 0 градус.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.