Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көлігінен мәжбүрлеп түсірілген жүргізуші оқиғасы: полицейлер мән-жайды айтты

0 424

Түркістан облысында жүк көтергіш көлік жүргізушісі мас күйде тізгінге отырып, жол ережесін бұзды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Әлеуметтік желіде полицейлер жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрлеп түсіріп жатқаны түсірілген видео таралды.

Түркістандық полицейлер мәліметінше, оқиға 5 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Ерубаев көшесі бойында болған.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылған!

Ведомство мәліметінше, түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, жол апатының алдын алған. Яғни, үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, өзге де көліктерге апаттық жағдай туғызған.

«Ақпарат бойынша дер кезінде Түркістан полицейлері оқиға орнына жетті. Жол ережесін бұзған көлікті тоқтату кезінде, жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, қала көшелерімен қашқан. Одан ары жақын аймақта жүрген автоэкипаж көмегімен қашқан көлік кедергі жасау арқылы тоқтатылып, жүргізуші мәжбүрлі түрде түсірілген», – делінген хабарламада.

Жүргізуші жергілікті тұрғын екені анықталған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: 595-бабы («Маневр»), 606-бабы («Авариялық жағдай туғызу»), 599-бабы («Бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту»), 613-бабы («Заңды талапқа бағынбау») және мас күйде көлік басқарғаны анықталып, 608-бабы бойынша жауапқа тартылды.

tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.