Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкшетаудағы дүкенде дөңгелек соғып кеткен қыз бала жанарынан айырылуы мүмкін

0 316

Анасының айтуынша, дөңгелектің соққысы қатты болғаны соншалық, баланың көру қабілетіне зиян келуі мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға Көкшетаудағы сауда орталықтарының бірінде болған.

«Анықталғанындай, дүкенге келген жігіт ағасына көліктің дөңгелегін таңдауға көмектесіп тұрған. Қызыма дөңгелек тиген соң бірден ауруханаға бардық. Ол жұма күннің кеші болатын. Сондықтан сот сараптамасы дүйсенбіге қалды. Оның қорытындысы екі аптадан кейін дайын болады», — дейді зардап шеккен қыздың анасы Карина.

Оның айтуынша, қызға дөңгелек тиіп кеткен соң кәсіпкерлер бүлдіршінді ультрадыбыстық тексеруден өткізу үшін ақша бергілері келген. Бірақ Карина бәрін заң жолымен, полиция арқылы шешемін деген ойын айтқан.

Алдымен әлгі жігіт дүкенде жұмыс істемейді деді. Кейін бұл адами фактор деп ақталды. Бірақ айдан-анық нәрсе бар, бала қатты соққы алды. Қызым астигматизммен ауыратын. Бұл дегеніміз өте қауіпті көз ауруы, дейді Карина.

Осы диагнозына байланысты қыз бала онсыз да үш ай сайын тексеруден өтіп жүрген. Бұндай жағдайдағы балаға кез келген соққы не жарақат қауіп төндіруі мүмкін.

Ал маған дүкеннің иесі «балаңыз онсыз да ауру екен, оны емдемейміз» деп бетіме айтты. Балам түнде қатты жылайды. Ал, ең бастысы, ресми органнан бұл істің мұрағатқа кеткені туралы хабарлама келді. Сонда сот сараптамасының қорытындысын күтпей ме?

—дейді қыздың анасы.

Істі мұрағатқа тапсыру туралы хабарламаның скриншоты
Істі мұрағатқа тапсыру туралы хабарламаның скриншоты

Оның айтуынша, сот сараптамасының өзі шала жүргізілген. Дәрігерлер баланың ерніндегі жырықты ғана қарап, арқасындағы көгерген жерлерді назарға алмаған.

Сонда әділдік қайда? Қызымды болмашы соққының өзі соқыр етіп тастауы мүмкін. Дәрігер бұл жолы сыртындағы қалың киімі сақтап қалды дейді. Менің арызымды қарамаған полиция кәсіпкердің «жала жапты» деп, менің үстімнен берген арызын бірден қабылдапты,

—дейді Карина.

Бұған дейін Карина дүкен иесімен сөйлескен әңгімесін әлеуметтік желіге жүктеген. Яғни, Карина дүкен иесінің полицияда танысы бар, ол айыппұл төлеп құтылып кетуі мүмкін деген ақпарат жүктеген. Соның салдарынан қазір дүкен иесі Каринаның үстінен полицияға арыз түсірген.

«Ия, біз жала жапқаны үшін арыздандық. Өйткені, біз құқық қорғау органдарында танысымыз бар деп айтқан жоқпыз және онымен дөрекі сөйлескен жоқпыз. Баласы қатты соққы алып жатқан анаға қалайша дөрекі сөйлейсің?»,

—дейді киім сататын дүкеннің иесі.

Бұл тараптың айтуынша, оқиғаға дүкенді, болмаса, оның қызметкерлерін кінәлау ақылға қонбайтын дүние. Дүкен иесі редакциямызға бейнебақылау камерасының жазбасын ұсынды. Дөңгелекті құлатып алған жігіт дүкен қызметкері емес, ол тек сол күні дүкенде жұмыс істейтін ағасына келіп, көмектеспек болған.

Біз адамгершілік танытып, көмек ұсындық. Еміне жәрдемдесейік дедік, алайда, әйел бас тартып, бәрі жақсы деді. Бәріне кінәлі дүкендегі жігіт,

—деді бізге телефон арқылы сұхбат берген дүкен өкілдері.

Айта кетерлігі, қазір дүкен иесі жала жабу бойынша жазған арызын қайтып алған. «Баласын уайымдап жүрген ананы одан сайын әуреге салмайық дедік», -дейді олар.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір полиция сот сараптамасының қорытындысын күтіп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.