Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкшетауда екі баланың анасы жоғалып кетті

0 262

Көкшетауда әйел жоғалып кетті. 22 қараша күні жоғалған әйелдің қызы Әсел Ахмеджанованың жоғалып кеткені туралы арызбен полицияға хабарласты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі баланың анасы 19 қараша күні сағат 00:00 шамасында балаларын үйінде қалдырып, белгісіз бағытта үйден шығып кеткен. Осы күнге дейін қайта оралған жоқ.

“Қазір із-түзсіз жоғалған әйелдің мекен-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.

Әйелдің сырт белгілері: бойы 160-165 см, орташа денелі, шашы қара, тік мұрынды. Үстінде қара күрте, қара қалпақ, сұр шалбар. Аяғына ашық қоңыр түсті кроссовка киген.

Әйелдің жүрген жері туралы мәлімет білетіндер 8 (7162) 29-96-00 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.