Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көкшетау – Нұр-Сұлтан» автожолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

0 518

Әлеуметтік желіде Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы маңында жантүршігерлік жол апаты болғаны туралы бейнежазба тарады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлернің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы қиындап, шамамен екі жүзге жуық көлік бірінен соң бірі соқтығысқан. Жол апаты «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» автожолының бойындағы Бозайғыр ауылының тұсында болған.

Бұл ақпаратты Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук растады.

«Жол учаскесі сағат 15:00 бастап толық жабылды. Жедел жәрдем мен арнайы техникалар ғана өткізіледі. Шортанды және Бурабай аудандарының патрульдік полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдай департаментінің экипаждары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді ол.

Айта кетсек, өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.